Главная » Файлы » Мои файлы

Токжанова М.У. ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ.
11.11.2015, 17:03
ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ. Тоқжанова Мейрамгүл Өмірханқызы қазақ тілі және әдебиет мұғалімі «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №22 орта мектебі» ММ Қостанай қаласы Жаңа формация мұғалімі педагогикалық құралдарының бәрін меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге тұрақты талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға болу керек. Осындай мұғалімдердің педагогикалық табысы біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайында мұғалімге ерекше талап қойылады. Білімнің сапалы да саналы түрде берілуі педагогтердің біліктілік деңгейіне байланысты. Әлемнің білім кеңістігіне енген таңда бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін мұғалімнің құзырлылық қабілетіне аса зор мән беріледі. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы да жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталанғаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор . ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсында мұғалімдерді оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға үйретеді және шығармашылық процестерді басқаруға, адам туралы ғылым жетістіктерін меңгеріп өз тәжірибесінде пайдалануға үйретеді. Базалық курстың бағдарламасын игеру кезінде оқушыларды қалай оқыту керектігі туралы түбегейлі көзқарасым өзгерді,өйткені педагогика, психология, социология ғалымдарының зерттеулеріне негізделген әр түрлі теориялық материалдар қызықты ресурстар, тренингтер арқылы меңгеріліп отырды. Тиімді әдістер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияның көмегі жүйелі түрде бағдарламаның 7 модулінің меңгерілуіне ықпал етті. Көптеген тренингтер мұғалімді өзін-өзі тануға, өзін сыйлауға және мұғалімнің зерттеушілік қабілетін ашуға бағытталған. Сонымен қатар осы тренингтерді мектепте жұмысымда қолдануыма болады, өйткені олар оқушыны жеке тұлға ретінде өзін зерттеуге, өз білім деңгейінің қай сатыда тұрғанын және қандай бағытта даму керектігіне, оған жету жолдарын табуға көмектеседі. Шульман теориясы бойынша мұғалімнің кәсіби түсінігі, оқытудың тәжірибелік дағдылары және кәсіби-өнегелік тұтастық пайда болғанда ғана оқу үдерісі дұрыс нәтиже береді. Курс бағдарламасының 7 модуль бойынша қалыптасқан кәсіби түсінігімді сабақ үстінде әр түрлі тәсілдер, әдістемелер арқылы оқушылардың белсенді және сыни тұрғыдан білім алу дағдысын қалыптастыруымен ұштастыруым қажет. Сындарлы оқыту оқушының өз білімі туралы сыни тұрғыдан бағалауға, көзқарасын өзгертуге және әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау- жаңа формация мұғалімінің міндеті.
Категория: Мои файлы | Добавил: Nata22 | Теги: СШ22, Токжанова М.У.
Просмотров: 109 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar