Главная » Статьи » Мои статьи

Токжанова М.У. Қазақ тілі пәнін оқытудағы компьютер көмегі.
Қазақ тілі пәнін оқытудағы компьютер көмегі. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №22 орта мектебі» ММ-сі қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Тоқжанова Мейрамгүл Өмірханқызы Ғылым ғасырында компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енді.Білім беру саласында компьютермен оқытуға арналған түрлі бағдарламалар бар.Компьютер бағдарламасы сауатты қолданған жағдайда балаларға театр,кино,мультфильм сияқты әсер етіп,көрініс,дыбыс,анимация сияқты ерекшеліктерге мән беріледі.Берілген ақпараттың бекітілуінде маңызды рөл ойнайды.АҚШ-тың Мэн штатындағы Бефель қаласында орналасқан Ұлттық оқу зертханаларының деректеріне сәйкес оқушы оқу арқылы ақпараттың 10 %, аудио-визуалды қабылдауда 20%, түрлі көрсетілім арқылы 30 %,талқылау арқылы 50 %,практикалық іс жүзінде 75% болып ақпараттың 90 % баланың есінде сақталады екен.Өмір шындығымен астастырылған ақпарат баланың есінде 90 % қалады.Олай болса, бір мәліметті есте сақтаудың тиімділігі мұғалімнің әдіс-тәсілдерінің таңдауына байланысты. Мұғалім тәжірибесінде кеңінен қолданылатын тәсіл: теориялық материалдарды компьютер арқылы көрсету-ұсыну.Мұғалім ауызша меңгертілуі қиын теориялық материалдарды компьютер көмегімен түсіндіреді.Ол алдын-ала дайындаған сурет,графика,музыка және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуде өз мақсатына жетеді.Ұсыну-көрсету тәсілін қолдануға компьютер мен проекциялық жабдық қажет. Жабдықталған компьютер сыныбында мультимедиялық мүмкіндіктер және ғаламтор торабымен байланыс жүзеге асырылады.Бұл тәсіл арқылы балалардың өзі белсенді және өз бетімен жұмыс істей алады.Мультимедия кешенінің оқу бағдарламасының жаңа тақырыпты игерудегі әсері мол.Оқушының жеке жұмыс істеуі мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, тек қана алғашқы сәтте жол көрсетушілік жасауды қажет етеді. Қазақ тілі сабақтарында электрондық оқулықтарды қолдану арқылы монологтық айтылым,сұхбаттық айтылым,тыңдап түсіну,оқылым,жазылым сияқты барлық түрлерін қамтитын жұмыстарды жүргізуге болады. Электрондық оқулықтарының тиімділігі мынада: -оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс істейді; -білімі компьютер арқылы бағаланады; -иллюстративтік әдіс көп қолданылады; -оқушының ойлау жүйесі дамиды; -оқушының берілген материалға қызығушылығы ,белсенділігі артады; Оқушы бірте-бірте тыңдаушыдан белсенді ойлаушыға, ізденімпазға айналады. АКТ оқушының танымдық,шығармашылық,саралау,талдау,жүйелей білу қабілеттерін арту арқылы зияткерлік дамуына ықпал етеді.
Категория: Мои статьи | Добавил: Nata22 (11.11.2015)
Просмотров: 100 | Теги: Токжанова М.У., СШ22 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar