Главная » Статьи » Мои статьи

Токжанова М.У. Тізбектелген сабақтар топтамасына "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" модулі қалай және неліктен ықпалдастырылғаны туралы есеп
А есебі Тізбектелген сабақтар топтамасына "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" модулі қалай және неліктен ықпалдастырылғаны туралы есеп. Оқыту мен оқудағы 8 тезисі бойынша сабақтар топтамасында "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" модулі қалай және неліктен ықпалдастырылғаны туралы есепті дайындадым. Бірінші тезис: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінгенімен байланысты. Өз тарапыма келсем, курста жаңа тәсілдердермен таныстым, оларды тәжірибемде қолдандым. Бірақ та оларды меңгеру жолында бұрынғы оқытудың теория мен тәжірибенің ұштасуы, қолжетімділігі, көрнекі құралдардың болуы, ғылымға негізделуі, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, білімнің жүйелі оқытылуы, оқу материалының жеңілден күрделіге қарай оқытылу қағидаттарына негізделген. Баланы да жаңа материалмен таныстырудың алдында оның білімі мен дағдыларына, машығына сүйену керек. Ол үшін мұғалім оқушыны сабақта бақылайды, әлеуметтік жағдайымен танысады, психологиялық ерекшеліктерін анықтайды, диагностика жүргізеді, мектептің мамандарымен кеңеседі. Рефлексивтік практик ретінде сабақтың басында оқушыларды топқа бөлу мақсатымен әр түрлі әдістермен топтастырдым, соның ішінде баланың бөлме атауларын, есімдіктерді, жиһаздардың атауларының мағынасын білуіне, сөздерді топтастыруына байланысты болды. Әр оқушыға бір-бірден кескін қағазында жазылған сөз тиеді. Сөздердің ортақ мағынасына қарай оқушылар топ құрады. 1-топ: "Бөлме атауларына " қонақ бөлмесі, жуынатын бөлме, балалар бөлмесі, асхана сөздері кіреді. 2-топ: «Жиһазға» шкаф, диван, үстел, орындық сөздері келеді. 3-топ: «Есімдікке» менің, сенің, сіздің, оның сөздері топтасады. Кеспе қағаздардағы сөздерді постерге жапсырады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылардың сөздік қоры тексеріліп, өздерін топтастырылу арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысы шыңдалады Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады. Осы тезисті жаңа материалдармен таныстырғанда «Қосжазба күнделігі» әдісін қолдануды жөн көрдім. «Қосжазба күнделігі» әдісі бойынша орыс мектептерінде қазақ тіліне оқытуда, соның ішінде, жаңа сөздермен жұмыс істеу кезінде білімді белсенді және сыни тұрғыдан қабылдауға тиімді болып келеді. Оқушыны өзіне-өзі формативті баға беруіне және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін артты. Бұл әдісте Екінші тезис өз көрінісін табады да, Үшінші тезиске де ұштасады: оқушыны проблемаларды шешуге толыққанды қатыстыру қажет [ Мұғалімге арналған нұсқаулық, 35- бет ] Топты құрып қалыптастырғаннан кейін өткен тақырыптарды қайталау және бірінші сабақта өтілген сөздердің меңгерілуін тексеру мақсатымен оқушылармен тест өткіздім. Ұзақ мерзімді жады қажет кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімде сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипатталады. Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы мүмкін [ Мұғалімге арналған нұсқаулық , 20- бет] Тест материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дайындалған. Өтілген сөздердің мағыналарын қайталады және сөздердің мағыналарын анық ажырату үшін қайталау әдісін қолдандым. Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушылар екі тілдің салыстырмалы грамматикасының қыр-сырларынан алған білімдерін қажетті жағдаятта қолданды. Тест орындау Александердің тәжірибеде зерттелген диалогтің 5 үлгісінің декламациясы деп анықтаған. Декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруді ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру) [Мұғалімге арналған нұсқаулық, 51- бет]. Сөйтіп диалогтің бір түрі-декламация арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға итермеледім. Бағалау Реформасының Тобы (2002) оқыту үшін бағалауға мынандай анықтама береді: Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу түсіндіру үрдісі. Оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін көбіне шығармашылық тапсырмалар берілді. Топ арасында талдаулар мен ойларды біріктірер кезде олардың ойларын бақыладым. Сабақ барысындағы сұрақтар мен жауаптардың нақтылығы маңызды екені түсінікті болды. Оқушылардың түсіну дәрежесін арттыру үшін мұғалім барлық сабақтың әр бөлімдерінде дамыту сұрақтарын қолдана отырып, оқушының сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Александердің (2004) Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет. Бұл тезистің тәжірибелік көрінісі ретінде жағдаяттан шығу әдісін қолдандым. Жағдай: көрші жалғызбасты қарияның пәтерін жинауға көмек беру керек. Оқушылар 3 топқа бөлініп, жұмысты атқару кезінде тек қана қазақ тілінде сөйлеуге міндетті. Қай топ тез жағдаяттан шығады екен? Жұмыс алаңы: 1-топ асхана бөлмесінде жұмыс жасайды. 2-топ қонақ бөлмесімен жұмыс жасайды 3-топ жатын бөлмесімен тжұмыс жасайды. 1-топ басшысы жасалатын жұмыс түрлерін анықтайды: -ыдысты жуу керек, ыдысты сүрту керек, ыдысты жинау керек, үстелді сүрту керек, еденді сүрту керек. Топ мүшелеріне бұйрық береді: - Сен ыдысты жу. Сен ыдысты сүрт, шкафқа жина. Сен үстелді сүрт, еденді сүрт. Топ мүшелері өз ісі туралы басшыға ауызща баяндайды,іс жүзінде көрсетеді. - Мен ыдысты жуамын - Мен ыдысты сүртемін, шкафқа жинаймын. - Мен үстелді сүртемін, еденді сүртемін. 2-топ басшысы жасалатын жұмыс түрлерін анықтайды: - кітапты шкафқа жинау керек, терезені сүрту керек, еденді сүрту керек. Топ мүшелеріне бұйрық береді: - Сен кітапты жина. Сен терезені сүрт. Сен еденді сүрт. Топ мүшелері өз ісі туралы басшыға ауызща баяндайды, іс жүзінде көрсетеді. - Мен кітапты жинаймын. - Мен терезені сүртемін. - Мен еденді сүртемін. 3 - топ басшысы жасалатын жұмыс түрлерін анықтайды: - төсекті жинау керек, терезені ашу керек, шаңды сүрту керек. Топ мүшелеріне бұйрық береді: - Сен төсекті жина. Сен терезені аш. Сен шаңды сүрт. Топ мүшелері өз ісі туралы басшыға ауызща баяндайды, іс жүзінде көрсетеді. 1.Мен төсекті жинаймын. 2.Мен шаңды сүртемін.3.Мен терезені ашамын. «Маңдайдағы 5 сұрақ» әдісі оқушының маңдайдағы заттың атауын айту керек, тек оған қарамау керек. 1 ойыншының маңдайының үстінде үстел суретін ұстап тұрып, сұрақ қойды: - Ол бөлмеде тұр ма? - Онда кітап,дәптер бар ма? - Оның шаңы бар ма? - Оны сүртеді ме? - Оған су құяды ма? Қалған ойыншылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап берді. Бірақ та заттың атауын атамады. Ойыншы маңдайдағы сурет атауын жылдам таба алмады. Бірақ та қиын болса да өз ойынан басқа сұрақтарды құрастыру арқылы : - Ол сары ма? Ол үлкен бе? Ол нешеу? Суреттегі затты тапты. Біріншіден, кедергілерден өтіп, өзінің біліміне нық сенетін болды. Екіншіден, оның жеңісіне сынып оқушылары да куә болып, оның жетістігіне шын жүректен қуанып, ілтипаттарын «Жарайсың!» сөзімен білдіріп жатты. Төртінші тезис: Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз. Сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау мақсатымен сабақтың тақырыбын жарияламай, керісінше, оқушылардың өздеріне аштыруға, сынақтан өткізуге және гипотеза жасауға мүмкіндік жасау әдісін қолдандым. Осыған орай балаларға келесі жағдаяттан шығу керек болды: интербелсенді тақтада берілген сурет көрсетілді. Бұл суретте балалар бөлмесінің шашылып, жиналмаған түрі бейнеленген. Балалар осы сурет бойынша өз пікірлерін айтады да "Ол не істеу керек?" деген сұраққа жауап алу арқылы «Не істеу керек?» деп беріліп тұрған сұраққа ашық жауап беру керек болды. Сұрақ-жауапқа негізделген диалогтың оқушыға, мұғалімге беретіні мол: - оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; - басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі; - оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; - мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі [Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39- бет]. Әрине, оқушылар тап осы жағдайда не істеу керектігін топтың әңгімелесудің бір түрі - топтық әңгімеде талқылады. Сабақ тақырыбын ашуда балалар осы сұраққа өз ойларымен бөлісіп, бір-бірімен талқылап, туындаған мәселенің өзектілігін, шынайылығын айтып, талқылаудың нәтижесі ретінде оқушылар шешімдерін айтады: "Мен бөлмемді жинаймын". Осылай сабақтың тақырыбын оқушылар өздері ашып айтты. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда, сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың білім алуына қолдау көрсетеді Сабақта диалог түрлері оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосады. Ал кез келген сұрақ диалогтің өрбуіне үлес қосатыны белгілі. 2.Берілген фигураларға қарап, оқушыларға гипотеза жасап, бөлме заттарын еске түсіру керек болды. Локки әдісімен оқушылар фигуралардың пішініне сәйкестігі арқылы бөлме заттарын еске түсіріп айтады да постерге салып, оны түрлі түсті қағаздардан аппликациялау әдісімен постерге жапсырады Топтастыру әдісімен сөздерге жалпы атау берді. Мысалы, "Бөлме заттары" Фоер мысалында көрсетілгендей, мнемониканың маңызы өте жарқын визуалды образдарды құру болып табылады. Нақтылайтын бөлшектерді анағұрлым көбірек қолданған сайын және әрекет креативті болған сайын, есте сақтау сақтау қабілеті жетіле береді [Мұғалімге арналған нұсқаулық , 22- бет]. Бесінші тезис: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз. «Тақырыбын тап» әдісі бойынша оқушы өз шығармашылық тапсырмасының мәтінін оқып, ал қалған топ оқушылары тақырыбын тауып атады. Бұл жерде тапсырманың орындалуы екі жаққа да байланысты болды. Қазақ тіліндегі сөздерде керекті әріпті қою және аудармасын дұрыс тауып сәйкестендіру: Ша... задви...ка Ж....наймын саженцы К...нде пыл... С...ртем...н выт...раю Тар ...па еже...невно К...шет уб..раю Тест материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дайындалған. 3.Сөздердің мағыналарын анық ажырату үшін қайталау әдісін қолдандым. Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушылар екі тілдің салыстырмалы грамматикасының қыр-сырларынан алған білімдерін қажетті жағдаятта қолданды. Тест орындау Александердің тәжірибеде зерттелген диалогтің 5 үлгісінің декламациясы деп анықтаған. Декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруді ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру) [Мұғалімге арналған нұсқаулық , 51- бет]. Сөйтіп диалогтің бір түрі-декламация арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға итермеледім. Дедукция әдісі арқылы оқушылар бірлесе отырып жүйелі ойлауға дағдыланады. Берілген сөздерді мағынасының ауқымына қарай жоғарыдан төменге қарай реттеп орналастыру: Менің қалам, менің шағын ауданым, менің облысым,менің бөлмем, менің Отаным, менің үйім , менің пәтерім. 2.Оқушылар сөздердің мағынасының ауқымына үлкеннен кішіге қарай қарай орналастырады: Менің Отаным. Менің облысым. Менің қалам. Менің шағын ауданым. Менің үйім. Менің пәтерім. Менің бөлмем. 3.Келесі байланысты көрсетелі : Менің Отаным- менің бөлмем. Алтыншы тезис: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болу керек. Осы тезиске сай "Күлімдеп күн бүгін" өлеңімен оқушылар қимылмен сергіту сәтін жасайды 5 минут көлемінде көрсетіп айтады: -Күлімдеп күн бүгін Қарады маған да, Қарады саған да Шуақпен көріп нұр. Оқулықтың 32 - 34 беттегі № 1, 2, 4, 5 -тапсырмаларды «Аудар, сұра, урет сал» әдісі бойынша 4топтағы оқушылар әрқайсысы топ ішінде жеке тапсырма дайындайды. 1- оқушы оқыды,аударды; 2- оқушы сұрақ дайындады; 3- оқушы мәтінге қатысты суретін салды; 1-топ «Үстел», 2-топ «Шкаф», 3-топ «Шам» тақырыптары бойынша мәтінмен келесі оқушылар жұмыс істеді: 1- оқушы оқыды, аударды; 2 - оқушы сұрақ дайындады; 3- оқушы мәтінге қатысты сурет салды; Жетінші тезис. Мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс. Қорытындау мақсатымен «2 жұлдыз,1 тілек» әдісін өткізу керек болды. Қандай тапсырма ұнады? Не үйрендің? Нені өзгерткің келеді? тәрізді сұрақтарға балалар жауап берді. Сегізінші тезис: Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адам не айтып, не істегенін немеса өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады [Мұғалімге арналған нұсқаулық , 56 - бет]. Сабақты «Ғажайып қоржын» әдісі арқылы қорытындау қажет болып, қазақшадан орысшаға немесе орысшадан қазақшаға сөздерді аударып, сұраулы сөйлемдер құрастыру қажеттілігі туындады. Рефлексияға мен «Баспалдақтағы мен» әдісін қолдандым. Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратып беру керек. Сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеуді тапсыру қажет. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салдыру керек. Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салғызу керек. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салғызу керек. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланысты жүзеге асыру керек. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жете алмайды. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады [Мұғалімге арналған нұсқаулық, 33]. Сондықтан оқушылар үйрену барысында белсенді әрекет етіп, өз идеяларын ұсынып, талқылау, таңдау мен шешім қабылдауға қатысса ғана оқуда табысқа жетуде мүмкіндік туады. Осындай мүмкіндік ұсына алатын маңызды мәселелердің бірі – бірлескен әрекеттерді қолдану немесе топтық жұмыс. Әдетте дәстүрлі сабақтарда оқушыларды жұмысқа тартуда әрекеттер мұғалім тарапынан қатаң талап ету арқылы жүзеге асырылады. Ал топтық жұмыстарда оқыту аймағының жұмысы үшін мұғалім мен оқушы бірге жауапты болады, оқушылардың барлығы белсенді әрекет етіп, шешімдер қабылдайды. Оқушылар өз бетімен сұхбаттасу сұрақтарын дайындайды, талқыланып отырған мәселені шешуді таңдап алады. Мұғалімдер оқушыларды қолдай отырып өз білімін емес, басқаларды мұқият тыңдай отырып, әр пікірге сыйластықпен қарап, бірлескен жұмыстың қалай жүзеге асатынын модельдейді. Сонымен қатар сыныпта ізденіске бағытталған ашық атмосфера жасайды. Оқушылардың жоғары дәрежелі сұрақтарды пайдалана отырып, жобалау, болжау, ақпарат жинау үшін түрлі стратегияларды пайдалануына жағдай жасайды. Топтық жұмыстарды жүзеге асыру арқылы мұғалімдер: - оқушылардың барлығын белсенді әрекетке тартады; - оқушыларды «менің айтқаным немесе жасағаным дұрыс болар ма екен» деген сенімсіздік пен күдіктен арылтады; -оқушыларының өзіндік қабілеттері мен ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік жасайды; -оқушылардың еркін, сенімді жағдайда ынтымақтаса жұмыс жасауына жағдай тудыра алады. Ол үшін: -берілген тапсырма, ұсынылатын мәселелердің оқушылар үшін маңызды болуына баса назар аударылуы қажет, сонда ғана бірлескен белсенді әрекет жүзеге асады. -Оқушылар үшін маңызды мәселені ұсынуда олардың қабілеттері мен жеке ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет. Тапсырма нақты, түсінікті түрде беріліп, нақты уақыт белгіленуі керек. Соңында кері байланыс орнатылып, қандай нәтижеге қол жеткізілгені анықталып отырғаны абзал. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің 8 тезисінде айтылған жайттар қарқынды дамып жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу қажеттігіне тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Жаңа кезеңдерден өтуіне қарай басқа адамдарға тәуелділігін қысқарту қабілетіне ие болған оқушы ең нәтижелі оқушы болады.Тәуелсіз оқушыларда тәсілдер, сапалар, дағдылар және білім кешені болады, олар бір нәрсені үйрену қажет болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек қажетсінеді, оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң мұғалімнің қолдауымен және дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне көтеріледі [Мұғалімге арналған нұсқаулық, 38 - бет].
Категория: Мои статьи | Добавил: Nata22 (10.11.2015)
Просмотров: 112 | Теги: СШ22, Токжанова М.У. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar